|
04.02.2019 | 18:34
2431

Алматыда 133 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда 133 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда үй маңындағы қар мен көк мұзды тазаламаған 133 пәтердің иелері кооперативі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл кооперативтер қар түскелі бері аулаларын ақ ұлпадан аршымаған. Қаладағы көгалдандыру және абаттандыру ережесіне сәйкес, барлық жүргінші және көлік жолдары, аула аумақтары қар түскен бойда тазалануы керек. Егер көктайғақ болса, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құм немесе тұз себілуі тиіс. Сонымен қатар, ПИК өкілдері шатырдағы мұз сүңгілерін де тазалауға міндетті.  

«Егер де ПИК өз жұмысын дұрыс атқармай жатқан немесе есеп бермеген жағдайда, сондай-ақ, аула тазаланбаса, шатыр төбесіндегі мұз алынбаса, онда тұрғын үй инспекциясының 225-04-14 және 225-14-43 телефон нөмірлеріне хабарласса болады», – деді Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бөлімінің басшысы Жандос ҚАЙЫРХАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир