|
30.10.2020 | 20:32
5619

Алматыда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін Nur Otan партиясы қандай жұмыстар атқаруда

Осы жылы Алматыда Nur Otan партиясының Қоғамдық кеңесі 48 отырыс өткізді

Алматыда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін Nur Otan партиясы қандай жұмыстар атқаруда Almaty.tv

Nur Otan партиясының Алматы қалалық және аудандық филиалдарында құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың партиялық бағдарламаларды сапалы орындау жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылы Алматыда Nur Otan партиясының Қоғамдық кеңесі 48 отырыс өткізді, онда 88 ұсыным берілді, оның 87–сі (99%) орындалды. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Кеңес жеке және заңды тұлғалардан 29 өтінішін қарады.

Халықтан өтініш түскен кезде, бірінші кезекте қажетті тауарлар бағасының сәйкестігін бақылауды жүзеге асыруда, сондай-ақ Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қазақстандық кәсіпорындарды қолдау бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылдың 9 ай бойына Nur Otan партиясы АҚФ СЖҚҚ мүшелері 718 рейд жүргізді.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесінде маңызды бағыттардың бірі ақпараттық түсіндіру жұмысы болып табылады. Тек осы жылдың ішінде ғана партия қала бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудан 75 семинар мен дөңгелек үстел өткізді.






Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир