Алматы көшелерінде қылмыс саны екі есе азайды – ПД басшысы

открытые источники
открытые источники
Қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы қаладағы қылмыстық ахуалдың тұрақты және қылмыстың төмендеу үрдісі байқалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

«Қылмыс 57,4% төмендеді.  Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлау 44,4% азайды.  Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 55,5% -ға азайды. Сонымен қатар, Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлері үстіміздегі жылдың 19 наурызынан бастап  карантиндік аймақтар-инфекция ошақтары қоршалды», – деді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.

Бүгінгі таңда қалада инфекция ошақтары бар, қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған.

Әрбір мекенжайда полиция қызметкерлерімен бірге, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологтар жұмыс істейді.

«Инфекция ошақтары мен бекеттерде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді», - деп атап өтті Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.


Новости партнеров