|
14.07.2023 | 18:29
19025

Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі қайда өтеді

15-16 шілдеде өтетін жәрмеңкеде 50-ден астам өнім сатылады

Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі қайда өтеді dknews.kz

15-16 шілдеде Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы демалыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда Алматы облысының жақын маңдағы аудандарының (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ) шаруа қожалықтарының, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының қатысуымен  ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі.

Ассортиментте 50-ден астам өнім атауы бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, жемістер, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары және т.б.). Барлығы 300 тоннадан астам өнім қойылады.

«Демалыс күндеріндегі» жәрмеңкелер апта сайын өтеді. Жыл басынан бері Алматы қаласында 296 жәрмеңке өткізілді. Өнімнің бағасы орташа нарықтағы есептен 15-20%-ға төмен.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелері келесі мекен-жайлар бойынша өтеді:

1. Алмалы ауданы (Гоголь - Масанчи көшесі);

2. Бостандық ауданы («Қазақфильм» ш/а);

3. Әуезов ауданы (Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесіндегі қиылысы);

4. Медеу ауданы (Меңдіқұлов - Бектұров көшелерінің қиылысы және Шевченко - Қонаев көшелерінің қиылысы).

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир