Үш аптада Instagram-парақшасына 90 000 адам жазылып, 14 000-ға жуық сауал жолданған
Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі қызметіне тағайындала сала әлеуметтік желілерінен ашқан жеке парақшасына жазылушылар саны күрт артқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Небары үш аптада Instagram-парақшасына 90 000 адам жазылып,қала жұртшылығынан әкімге 14 000-ға жуық сауал жолданыпты. Әкім олардың 66 пайызына жедел жауап берген. Жолданған сауалдар бойынша тұрғындардың 13 пайызын абантандыру, 8 пайызын көлік және жол құрылысы, 2 пайыз энергетика және коммуналдық шаруашылық, 2 пайыз тұрғын үй, ал тағы 2 пайызын жарықтандыру мәселесі алаңдатады.
Қала басшысы ешбір шағымды ескерусіз қалдырмайды әрі аудан басшыларына бірден тапсырма жүктейді.
Айта кетейік, олар Алматы әкіміне 1-тамызға дейін әр алматылықтың әл-ауқатын дамытуға қатысты жоспарларын көрсетулері тиіс.
Instagram - 90 000
14 000 сауал
Тұрғындарды мазалайтын мәселелер:
абаттандыру - 964
көлік және жол құрылысы - 592
энергетика және коммуналды шаруашылық - 210
тұрғын үй - 171
жарықтандыру – 167