|
23.10.2020 | 18:29
13748

Мен Туымды мақтан етемін – қазақстандықтар жаңа акция бастады

Бұл шара мемлекеттік нышандарымыздың мәртебесін арттыруға бағытталған

Мен Туымды мақтан етемін – қазақстандықтар жаңа акция бастады Турар Казангапов

Бүгін отандастарымыз әлеуметтік желіде «Мен Туымды мақтан етемін» акциясын бастады. Бұл шара мемлекеттік нышандарымыздың мәртебесін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Танымал спортшылар, эстрада жұлдыздары, қоғам қайраткерлері, блогерлер мен қарапайым халық «Мен Туымды мақтан етемін» хэштегімен өз парақшаларында суреттер жариялады.

«Біздің қазақ елі аман-сау болсын! Біздің туымыз ешуақытта құламасын, биік ұстайық!» – деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков.

«Біз қазақ өз намысымызды ешқашан бермеген халықпыз. Көк байрағымызды жерге тастамаған халықпыз. Әрдайым өз рәміздерімізді сыйлаған халықпыз», – деді қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген.

«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Еліміздің шетіне жол баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Байрағымызды желбіретіп, тілімізді құрметтеген елміз. Сондықтан Қазақ елі мәңгі жасасын!» – деді ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаров.
Мен Туымды мақтан етемін – қазақстандықтар жаңа акция бастады
https://youtu.be/Zc7lDd7_-0k

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир