Актриса қаза тапқан жол апаты: аман қалған жолаушы ауруханадан шықты

Актриса қаза тапқан жол апаты: аман қалған жолаушы ауруханадан шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы орталығында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен актриса Айзада Сатыбалдиеваның денсаулығы жақсарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Денсаулық сақтау басқармасыныңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жұмада Айзада Сатыбалдиева ауруханадан шығарылды, ол амбулаторлық ем қабылдайды», – деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.  

Еске салсақ, 29 желтоқсанда жол-көлік оқиғасы болды. Сейфуллин мен Абай даңғылдарының бойында Mercedes Gelandewagen автомобилі Mitsubishi Galant көлігіне соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, бордюрге тірелген болатын. Кейінірек оқиғаның видеосы жарияланды.  

Жол апаты салдарынан Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі – Шолпан Елгезекова. Айзада Сатыбалдиева ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген еді.  

Уақыт өте қайтыс болғандардың туыстары осы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, онда істің сотқа түскені және сараптама қорытындысы бойынша Gelandewagen жүргізушісі Ильяс Кардың ішімдік ішкенін растамаған. Сондай-ақ, құжаттарға сәйкес, ол полицияға өзі келген.  

Алайда, полиция бұл мәліметтерді жоққа шығарды - тергеу мәліметінше, жол апаты болған жерден Ильяс Кар мас күйде жаяу қашқан. Ол бір тәуліктен кейін ұсталған.


Новости партнеров