«7-20-25» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Фото: Puttachat Kumkrong/shutterstock.com
Фото: Puttachat Kumkrong/shutterstock.com
«Almaty» телеарнасының студия қонағы - Айбар Олжаев
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін еліміздегі екінші деңгейлі банктің бірі «7-20-25» бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады. Ипотекалық несиені кімдер ала алады? Ал тұрғын үй бағдарламасына биыл іліге алмағандар қайтеді? 

Осы және өзге сұраққа «Almaty» телеарнасының студия қонағы «Қазақстанның орнықтылық қорының» сыртқы байланыстар бойынша бас менеджері Айбар Олжаев жауап береді.

– Биыл 7-20-25 бағдарламасына қанша адам өтініш бере алады?

– 7-20-25 бағдарламасына 2023 жылы 100 миллиард теңге қаржыландыру лимиті бекітілген. Банктерге 25 млрд теңгеден әр тоқсан сайын лимит бекітіп береміз. 1 қазаннан бастап төртінші тоқсанның лимиті басталды. Қазір 7 банк ипотекалық несие береді. Бүгін алғашқы банк өтінімді қабылдады. Әр банктің өтініш қабылдауы ішкі ережесіне сай жүргізіледі. Кейбір банк өтінішті қағаз жүзінде қабылдаса, енді бірі онлайн жүргізеді. Биыл бір мезетте 13 мың адам онлайн өтініш берген. Олардың бәрі бірдей қанағаттандырыла бермейді. Қаржылық лимит бар, сондықтан оның ішінде қанша адам уақыт тізбегіне сай үлгереді, сонша адамның өтініші қарастырылып, несие беріледі.

– Ал биыл өтініш беріп, іліге алмай қалған азаматтар қайтеді? Оларға қандай мүмкіндік бар? Бағдарламаның талабы қандай, өзгерістер енгізілді ме?

– Шектеу жоқ. Іліге алмаған адам кез келген уақытта қайтадан өтініш бере алады. 2024 жылы 1 қаңтардан бастап өтінішін қайта жазады.

Бағдарлама 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді, 70 мыңнан астам адамға, яғни 946 миллиард теңгеге ипотекалық несие берілген. Бағдарлама шартына келсек, ешқандай өзгеріс жоқ. Тек бір-ақ рет қатысуға болады.  Жеті жылдық пайызбен 25 жылға дейін ипотекалық несие алады. Алғашқы жарна үйдің бағасының 20 пайызын құрайды. Бағдарлама 5 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандықтар оның шартын жақсы меңгеріп алды, сондықтан сұранысқа ие. Бір жылда 6 мың адамға ипотекалық несие беріледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді

Новости партнеров