Іс-шара Наурызнаманың онкүндігі аясында ұйымдастырылған
Алматының Медеу ауданында көпбалалы отбасыларға балабақшаға тегін сертификат табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара Наурызнаманың онкүндігі аясында ұйымдастырылған. Берілген көмек түрі келешекте жалғасын табады деп жоспарланып отыр.
– Қайырымдылық акциясының арқасында ауданда тұратын көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға жекеменшік балабақшаларға 1 жылға 1 балаға тегін сертификат ұсынып отырмыз. Бүгін 15 баланы қамтыдық, – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.
– Алты баланың анасымын. Көпбалалы аналарға үлкен көмек болды. Өте қуаныштымын, ризамын, – деді қала тұрғыны Бәтес Әбжанова.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында «Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы бастау алды