Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, оның барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс- қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онлайн форматта өткен кеңеске 80-нен астам адам қатысты, олардың арасында мәслихат депутаттары, ардагерлер, волонтерлар, медицина және бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері болды.
Кеңеске қатысушылар білім және ғылым жүйесін дамыту, отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту, ШОБ-ты қолдау, қоршаған ортаны жақсарту, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру және т.б.бағыттар мен алда тұрған міндеттерді жан-жақты талқылады.
Кеңес барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов кеңейтілген отырыстың басты міндеті бүкіл әлемдік пандемияны ескере отырып, еліміздің жаңа өмір жағдайына арналған Жолдауды талқылау екенін атап өтті.
«Кеше Президент 2020-2021 жылдар аралығында біз назар аударатын осал нүктелерді атады, басым бағыттарды белгіледі. Бүгін Алматы қаласы аумағында Жолдаудың міндеттерін нақтылы жүзеге асыру үшін оны жан-жақты талқылауды және пәрменді шаралар әзірлеуді ұсынамын», – деді Р. Алшанов және кеңеске қатысушыларды белсенділік танытуға шақырды.
Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов алғашқылардың бірі болып сөз алды.
«Отандық ғылымының өкілі ретінде мен ғылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтергім келеді. Жолдауда жас ғалымдардың рөліне үлкен көңіл бөлінген. „Жас Ғалым“ жобасы аясында әлемдегі жетекші ғылыми орталықтарда ғалымдар үшін жыл сайын 500 тағылымдама және жас ғалымдарға 1000 грант бөлу жөніндегі тапсырма қолдау көрсетудегі нақты қадам болып табылады. Мемлекет басшысы көтерген ең өзекті мәселе – процестерден біртіндеп нәтижелерге көшу, ол мұны өзінің Жолдауында атап өтті», – деді Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ахан Бижанов.
«Қазақстанның Еңбек Ері», Алматы қаласының құрметті азаматы Аягүл Миразова білім сапасы және оның қолжетімділігі туралы тақырыпты одан әрі жалғастырды.
«Қазіргі кезде Алматыда балаларға барлық жағдайлар жасалған. Президент өз Жолдауында дәстүрлі білім беруге оралудың барынша ұтымды жолдарын қарастыруды тапсырды. Меніңше, бұл өте дұрыс шешім, әсіресе, сәбилі болғысы келетін отбасыларға оң ықпал етеді», – деді А. Миразова және Президенттің «Аңсаған сәби» бағдарламасын дер кезінде іске асыруға тапсырма бергенін атап өтті.
Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Ауыл» ХДПП мүшесі Махамбет Хасенов өз кезегінде ауылды дамыту және ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту жөніндегі бастамаларды жоғары бағалады.
«Ауылға ерекше көңіл бөлінетіндігі қуантады. Жолдауда нақты бағыттар айқындалған. Президент ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға үлкен басымдық беруде. Алдымызға қойылған міндеттерді іске асыру үшін біз бәрін жасауға тиіспіз», – деді Махамбет Хасенов.
Кеңес төрағасы Р. Алшанов бүгінде Қазақстан халқының саны 19 миллион адамды құрайтындығын атап өтті. Алайда, жағдайдың жақсарғанына қарамастан, демографияны арттыру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосып, ЭКО бағдарламаларына квоталар санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге дейін көтеру туралы бастамалары ерекше өзекті.
«Жолдау әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді. Ерлі-зайыптылардың 15%-ында сәбилі болу проблемасы бар. Біз өткен жылы тиісті ұсыныстар жібердік. Ұсыныстың артығымен орындалғанына өте қуаныштымыз – 7000 ЭКО бөлінді. Тағы бір маңызды мәселе – дәрігердің мәртебесі. Жалақы 2,5 есеге өсті. Мәртебе – бұл материалдық қолдау ғана емес, біз өзіміздің отандық кадрларымызды қолдауымыз керек», – деді «PERSONA» клиникалық репродуктивті халықаралық орталықтың басшысы Вячеслав Локшин, пульмонологтарды, эпидемиологтарды дер кезінде даярлау қажеттігін атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясына қоғамның тұрақтылығы мен дамуын сақтау бойынша ерекше рөл жүктелген. Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров цифрландыру тақырыбына тоқталды.
Ол өзінің сөзінің цифрландырудың тек тенденция емес, ұлттық бәсекелестікке қол жеткізудің басты құралы болатындығын айтты. Сондықтан Осыған байланысты формализмді қысқартып, жұмыстың ашық форматына көшу қажет.
Жыл сайынғы Жолдауларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына ерекше маңыз беріледі. «Алматы-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Александр Братенков өзінің сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесін көтергенін атап өтті. Бұл өте маңызды, өйткені сыбайлас жемқорлықпен пәр менді күресу алға жылжудың тетігі болып табылады.
«Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай талантты және дарынды тұлғаларды, әсіресе жастарды, олардың озық идеяларын қолдау қажеттігін айтты. Ол үшін балаларды жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тарту және пайдалы дағдыларға үйрету маңызды.
Азаматтық қоғам бүкіл елді нығайту мен дамытуда басты рөл атқарады. Алматы қаласы Азаматтық альянсының төрағасы Константин Авершин спортты дамыту мәселесіне кеңінен тоқталды. Ол өзінің сөзінде Жолдауда бұған дейін қоғам көтерген мәселелердің көрініс тапқаны айтты. Еске салсақ, Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне мейлінше назар аударуды тапсырған еді. Мұнда бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу міндеттелді.
ҚР ЖОО Бірлестігінің басқарма мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Тахир Балықпаев өз баяндамасын оқушылар мен студенттерді оқытуғаарналған өзекті тақырып – цифлы платформалар мәселесіне арнады.
«Президент Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы туралы айтты. Үй жағдайындағы және бейресми оқытудың мәні зор. Бұл ретте білім беру курстарын ұсыну ерекше мәнге ие болуда», – деп айтты Т. Балықпаев. Жолдауда азаматтардың сауаттылығын, олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру Тұжырымдамасын дайындау тапсырылды. Тұжырымдамада бейресми білім берудің альтернативті нұсқаларын белсенді түрде енгізу, өз бетінше білім алу нәтижелерін, кәсіби дағдылану сертификикацияларын мақұлдау керектігі атап өтілуі қажет.
М. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институтының директоры Кенжехан Матыжанов өз кезегінде қазақ әдебиеті саласындағы білім беру бағдарламаларын күшейте түсу жөнінде баяндап өтті.
Nur-Otan партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров өз сөзін Президент белгілеген мәселелерді жүзеге асыруға арнады.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты міндеттерді атапқана қоймай, оларды шешу жолдарын да белгілеп кетті. Осылайша, Президент Жолдауда Қазақстандағы өте маңызды мәселе – тұрғын үй мәселесін де көтерді. Осындай қадамдардың бірі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін" "Отбасы Банкіне" айналдыру болыптабылады. Енді бұл банк тұрғын үйге мұқтаж барлықазаматтарға "бір терезе" принципімен жұмыс істейтін болады. Бұл өзгерістер Бірыңғай базда кезекте тұрған жұмыс жасаушы азаматтардың төмен мөлшерлемелі несиемен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы қадамдарды іске асыру естуші мемлекет талабына сай келеді. Мен барлық қазақстандықтарды осы бір стратегиялық құжаттың негізгі тарауларын іске асыруға қосылуғашақырамын», – деп атап өтті С. Канкуров.
«Алматы қаласының Кәсіподақтық орталығы» аймақтық кәсіподақтары азаматтарды әлеуметтік қолдауды институционалдау туралы жаңалықты ерекше энтузиазммен қабылдады», – деді З. Өмірбаева.
Ол кәсіподақтардың заңнаманы жаңартуда барлық бағыттар бойынша, әсіресе «Медиация» туралы Заң аясында белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, Жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттің қатысуынсыз келіссөз жасаудың, мәселені шешудің баламалы жолдарын дамытуды тапсырды. Мұндай институттар өздерін дамыған елдерде жақсы көрсетті.
Айсұлу Ерниязова бастаған «Волонтерлар лигасы» ҚҚ төрайымы бастаған Алматы еріктілері Қазақстандағы жоғары білім сапасын арттыру және стандарттау бойынша жұмыс топтарына қосылу бастамасын айтты.
«Елге білікті мамандар керек, өз дағдыларымызды ұштау керек. Волонтерлік – бұл өз мақсатқа жетуге және халықтың игілігі үшін идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін "әлеуметтік лифт" құралы», – деді Айсұлу Ерниязова және алматылық жастарды Жолдауда көрсетілген міндеттерді белсенді жүзеге асыруға қосылуға шақырды.
Қорытындылай келе, Алматы қаласының қоғам мүшелері Мемлекеттік басшысының Жолдауда айтқан бастамалары мен нақты қадамдарын бірауыздан қолдайды және азаматтардың лайықты өмір сүрулері мен олардың құқығын қорғау сынды қойылған мақсаттарға жету жолында барын салады.і