Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онлайн форматтағы отырысқа мәслихат депутаттары, ардагерлер, медициналық қоғам мүшелері, еріктілер қатарынан 80-нен астам адам, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
МузАРТ тобының мүшесі, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" Мейрамбек Бесбаев та Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылауға қатысып, қолдау білдірді.
"Кеше Президенттің Жолдауын бүкіл ел тыңдады. Жаңа ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Пандемия тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде жалғасатынын білесіз. Бұл азаматтардың өзін-өзі тануына ғана емес, мемлекеттік даму жүйесіне де әсер етті. Менің ойымша, кеше жақсы қорытынды жасалды", – деді М. Бесбаев. – Ол сондай-ақ, онлайн оқыту мәселесіне жеке тоқталды. Елдегі шектеу шараларын ескере отырып, мәдени қызмет, оның ішінде концерттер тоқтатылғанын атап өтті. Біз бәріміз бала тәрбиелеп жатырмыз. Жолдаудағы онлайн режимге көшу жөніндегі қадамдарды ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда, осы форматта оқу жүйесінің жаңа форматын әзірлеу идеясы ұнады".
Коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқытуға көшкенін атап өткен жөн. Жолдауда Президент шұғыл түрде толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялар жиынтығы бар бірыңғай білім беру онлайн-платформасын әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар, қазақстандық әнші Президенттің дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау жөніндегі бастамасын атап өтті.
"Дәрігерлердің жалақысын көтеру туралы шешім халық арасында жақсы қабылданды. Дәрігерлер әр адамның өмірі үшін күресуде, бұл сөзсіз ерлік. Олардың жалақысын көтеру маңызды, өз кезегінде нағыз қажетті шара болды", – деді. ЭКО-ға бөлінген квотаның 7 есеге көбеюі - халыққа жағымды жаңалық болғанын назардан тыс қалдырмады.
Жалпы алғанда М.Бесбаев, Жолдау халық үшін өзекті, кезек күттірмейтін мәселелерді көтергенін және өзінің бұл жолда қабылданған нақты қадамдарды қолдайтынын жеткізді.