Елімізде бір жылдың ішінде жұмыссыздар саны 1,1 пайызға артқан. Қазір шамамен 443 мың адам екі қолға бір күрек таппай жүр. Оның 84 мыңға жуығы 15 бен 28 жас аралығындағы жастар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Финпром порталынан алынған ақпараттарға сенсек, елімізде былтыр тура осы кезде жұмыссыздар саны 438 мың шамасында болған. Ал биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша еліміздің жұмыс күші 9 миллион астам адамды көрсеткен. Бұл өткен жылға қарағанда 2 пайызға көп. Жұмыспен қамтылғандардың саны 8,7 миллион адам. Оның 7 миллионға жуығы жалдамалы жұмысшылар. Ал, өз бетінше нәпақасын табатындардың саны 2 миллионнан асады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
ЖҰМЫССЫЗДАР - 442,9 мың адам 15 - 28 жастағылар - 83,7 мың адам
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
2019ж 2018ж ӨСІМ
ЖҰМЫС КҮШІ
9 175,4 мың адам 8 976,8 мың адам 2,2%
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР 8 732,6 мың адам 8 538,9 мың адам 2,3%
ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫСШЫЛАР 6 669,2 мың адам 6 496,5 мың адам 2,7%