30 игі іс: Мейірімділік эстафетасы Алматыда жалғасты

19.03.2021 23:32

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қорабы үлестірілді

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 игі іс» жобасы жалғасып жатыр. Мейірімділік эстафетасы Алматыда жалғасып, «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясымен қолдауымен қаланың 30-дан аса мұқтаж, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қорабы үлестірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біз тізімді Алматыдағы «Достық» ұйымының басшылығымен бірге ақылдасып отызын таңдап алдық. Егемен Қазақстанымыздың 30 жылдығына бағыштап 30 адамды таңдап алдық. Сол 30 адамға біз Қазақстан халқы Ассамблеясының артынан біз тапсырамыз», – деді Ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы Шаймардан Нұрымов.