|
09.02.2023 | 16:05
11695

Жарық пен жолға жарымадық: Тас жолды армандаған тараздықтар мәселені шешуді талап етті

Әкімдіктегілердің айтуынша, биыл қаладағы бірнеше көшеге асфальт төселіп, электр жарығы орнатылады

Жарық пен жолға жарымадық: Тас жолды армандаған тараздықтар мәселені шешуді талап етті Almaty.tv

Жарық пен жолға жарымадық. Талай жыл тайғақ кешіп, тақтайдай тас жолды армандаған тұрғындар биліктен мәселені шешіп беруді сұрап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күн сайын дәл осындай жарықсыз, лай көшемен тұрғындар қажетті жеріне, керек уақытта жете алмай дал. Бұл мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Жыл сайын күз, қыс және көктем мезгілінде онсыз да сиқы қашқан жол жүріп-тұруға қиындық туғызады.

«Осы ауылда тұрғаныма 40 жыл болды. Көше ылғи осындай балшық, лай жүре алмайсың. Балалар таңертең сабаққа кетеді.  Кешке кимі кір, балшық болып келеді, жуамыз.  «Көше қисық-қыңыр, машинамыз бұзылады» деп такси шақырсақ келмейді», – деді қала тұрғыны Инабат Жорабаева

«Қалада жас та, кәрі де бар. Балалар мектепке барады. Балшыққа аяғымыз тайып, құлап, үйге әрең жетеміз. Оның үстіне көшеде жарық жоқ. Бұл көшені 3-4 рет қазды, бірақ жөндеген жоқ», – деді қала тұрғыны Ұлбосын Қарабалаева.

«Масқара ғой, қаладағы көшенің бәрі шұрық-тесік. 200-300 метр жерге 15 минутта зорға жетіп отырмын», – деді қала тұрғыны Әбілмәмбет Сатышбеков.

Ал жауаптылар бұл түйткілді шешу үшін нақты жоспар қарастырылғанын және жақын арада мәселе шешімін табатынын айтып, сендірді.

«Жол жөндеуге келсек, үш жылдық жоспар жасағанымызды түсіндірдім. Толығырақ тоқталсақ, 2022 жылы Байқоразова көшесінде орташа жөндеу жұмысын жүргіздік», – деді қала әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев.

Әкімдіктегілердің айтуынша, жоспарға сәйкес биыл қаладағы бірнеше көшеге асфальт төселіп, электр жарығы орнатылады.

Жомарт Есқара, Уәлихан Талғатов, «Алматы» телеарнасы, Тараз


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир