14 жастағы Әли Гусейнов 2 жылдан бері мектепке бармайды
14 жастағы Әли Гусейнов 2 жылдан бері мектепке бармайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оған жеткіншектің 2 келіден артық жүк көтере алмауы себеп. Дәрігердің «Жүйке мен жүрекке салмақ түспеуі керек» деген ескертуі тағы бар.
Аорта аневризмасы. Марина Гусейнова ұлының бұл дертке шалдыққанын өткен жылы білген. Алғашында кеуде тұсы қысылып, дем жетпеген Әли кейіннен денесіндегі жұдырықтай ойықты көреді. Айналдырған 1 аптаның ішінде қимыл-қозғалысы қиындаған бала қазір 1 сағаттан артық тік тұрып, жүре алмайтын хәлге жеткен.
«Рюкзагын өзі алып кете алмайды, қызым апарады. Үйге келгенде, төртінші қабатта тұрдық. Жоғары шыққан кезде «мама, қиналып тұрмын» әр қабатта дем алатын. Қазір Әли 2 жыл мектепке бармайды. Дәрігерлердің шешімі, консилиум болды», – деді Әлидің анасы Марина Гусейнова.
Негізгі ауруын емдетер тұста Әлидің туабітті тағы бір дерті анықталыпты. Ол – жүрек қақпақшаларының зақымдалуы. Қауіптілігіне қарамастан, ота жасалған. Қазір жеткіншектің кеуде қуысында имплант тұр.
«Бір жарым жыл бұрын ортекедей орғып жүрген ұлымның қазіргі хәлін көру – ауыр», – деді анасы.
Баланың өзі де сол биді, сол күнді қайта өткерер сәтті күтеді.
«Егер емделіп кетсем, жүзуге, боксқа барғым келеді. Билегім келеді. Далада уайымсыз жүруді, анамды артық алаңдатпауды армандаймын», – деді Әли Гусейнов.
Алғашқы отаның құны - 30 мың АҚШ доллары. Ендігі алар емнің өзіне жалпы 75 мың доллар керек. Жалғызбасты ана «бұл соманы жинау мүмкін емес» деп қорқады.
Ал тамшыдай үлес қосып, теңіздей игі іс атқарам деген көрермен үшін реквизитті қалдырдық:
Kaspi Bank: 4400 4301 0931 0398
Halyk Bank: 4405 6398 1277 4691
+7 701 334 20 00 Марина Г.
Мадина Оқас, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы