«Бақытты отбасы» орталығында алматылық суретшілер қайырымдылық көрмесін өткізді

28.10.2019 23:34

Одан бөлек, суретші Лидия Дроздова акварельді сурет бойынша шеберлік сабақтарын өткізді

Наурызбай ауданында «Бақытты отбасы» орталығында алматылық суретшілер қайырымдылық көрмесін өткізді. Шараға қатысқан танымал және бейнелеу өнеріне енді қадам басып келе жатқан қылқалам шеберлері орталыққа өз еңбектерін сыйға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Одан бөлек, суретші Лидия Дроздова акварельді сурет бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

«Таланты бар балаларды көрсетіп, келісім жүргізіп жатырмыз. Наурызбай ауданындағы көпбалалы отбасылардың немесе жаңағы асыраушысынан айырылған балалардың ішіндегі талантты, суретке ебі бар балаларды алып оқытуға, тегін оқытуға келісім жүргізіп жатырмыз», - деді Алматы қаласы Әуезов ауданы көпбалалы отбасылар одағының төрайымы Нағигүл БЕЙСЕМБИНА.