Алматыда уланған балалар тәуліктік стационарға жатқызылды

13.07.2022 00:55

Төртеуі ем қабылдап жатыр

baq.kz

Алматы қонақ үйлерінің бірінде дезинфекциядан уланып қалған 4 баланың қазіргі жағдайы орташа ауыр. Олар тәуліктік стационарға жатқызылды. Бұл туралы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Павлодар облысынан келген 7-15 жас аралығындағы 17 жасөспірім жәндіктерге қарсы химиялық улаудан соң, өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Төртеуі ем қабылдап жатыр. 

"Балалар келген кезде олардың басы айналып, жүрегі айныды. Бүгінде балалардың жағдайына байланысты ертең немесе арғы күні шығады. Жағдайы тұрақты. Ем нәтижесі оң", - деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.