Қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берді
29, 30, 31 шілдеде Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берді.
Өңірлік көрме-байқау үш номинация бойынша өтеді:
Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады. Шара Алматы қаласының басшылығының қатысуымен өтеді.
Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады.
Көрме-байқаудың қонақтарын концерттік бағдарлама мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны күтеді.