Қаңтар оқиғасы: Неше адам рақымшылыққа ілігеді

19.10.2022 23:35

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын мақұлдады

Almaty.tv

Қаңтар оқиғасы бойынша мың жарым адам рақымшылыққа ілігеді. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиевтің айтуынша, амнистия жаппай тәртіпсіздік, ұрлық және басқа да қылмыстармен байланысты баптар бойынша жауапқа тартылып жатқан азаматтарға қатысты қолданылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжаттағы негізгі ереже бойынша рақымшылыққа іліккен азаматтар тобы анықталған. Яғни 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға бір реттік амнистия жарияланады. Ал Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тек біреуіне ғана кешірім беріледі екен.

«Қазір өндірісте бір іс сотқа кетті.  23 адамға қатысты бес іс аяқталды. Қазір айыпты адамдар материалдармен танысып жатыр. Тағы 11 іс тергеу барысында», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шыңдалиев.