Түрксіб ауданында 250 балаға жаңа жылдық сый тапсырылды

26.12.2022 23:36

Іс-шарада шырша жағылып, концерт пен ойын-сауық бағдарлама ұсынылды

Almaty.tv

Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан 250 балаға мерекелік тәтті мен сыйлық тапсырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттің тапсырмасына сәйкес балаларды Жаңа жылмен құттықтауға ерекше көңіл бөлінді. Биыл Алматыда дәстүрлі түрде мектептерде, әлеуметтік орталықтарда, балаларға бейімдеу және көмек көрсету орталықтарында балаларға арналған шыршалар, сондай-ақ ХӘОТ санатындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шыршалар өткізілді.

Түрксіб аудандық мүгедектерінің ерікті қоғамы балаларға арнап жаңа жылдық кеш ұйымдастырған. Іс-шарада шырша жағылып, концерт пен ойын-сауық бағдарлама ұсынылды. Ал бүлдіршіндер мен жеткіншектер ән шырқап, би билеп,  көрерменді көзайым етті.

«Басты мақсат – балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау. Биыл іс-шараның форматын да өзгеше жасауға тырыстық. Әйгілі персонаждарды сомдайтын аниматор шақырдық», – деді «Түрксіб аудандық мүгедектерінің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Кенже Құдайбергенов.