Мамандар қаладағы су құбырларының 55 пайызын жаңаратынын айтты
Алматыдағы Әуезов пен Мыңбаев көшелерінің қиылысындағы құбырдың жарылуы салдарынан 70-тен астам тұрғын үй сусыз қалды. Одан бөлек, жолдарды мұз басып, көлік қозғалысы шектелді. «Алматы су» мекемесінің өкілдері мәселе бүгіннен қалмай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілішсі.
Апат болған аймақ қызыл лентамен толық қоршалған. Салдарынан Әуезов пен Мыңбаев көшелерінің бойындағы, қиылысындағы қозғалыс шектеліп отыр. Негізі жауапты мамандардың айтуынша, мұндағы су құбыры түнгі сағат 3:30 шамасында жарылған. жатыр.
Құбырдағы су жолға ғана емес, жақын маңдағы үйлерге де аққан. Ол лезде қатып, аула мұз айдынына айналды. Көбіне жертөлеге залал келген.
«Таңертең келсек су алып кеткен. Ешкім хабар бермеді. Біреу айту керек пе еді, ол жағын білмеймін. Тізеден төмен түгел су алған», – деді қала тұрғыны Шынар Тайлақова
Жөндеу жұмыстарына арнайы техникалар қолданылды. Алайда соның өзінде жұмысшылар біраз әлекке түсті. Мұны олар даладағы аязбен, жарылған құбырдың тереңде орналасқанымен байланыстырды.
Жауапты «Алматы су» компаниясының өкілі «салдары 70-тен астам тұрғын үйді суық сусыз қалдырған апатқа құбырдың ескіруі басты себеп» дейді. Сөзіне сенсек, бұл мәселе бүгін шешілуі тиіс. Кейін Мыңбаев көшесінің бойындағы тозығы жеткен құбыр жаңартылатын көрінеді.
«Биыл осы Мыңбаев көшесімен өтіп жатқан су құбырынның құжатын дайындап, 1-2 жылдың ішінде ауыстырамыз», – деді «Алматы су» МКК ресми өкілі Серік Шағыров
Жауапты мамандардың айтуынша, мұндай жағдай қайталанбас үшін тиісті жұмыстар алдағы жылдары жүргізілмек. Айта кетсек, қаладағы су құбырларының 55 пайызын жаңарту қажет.
Оразай Нұртайұлы, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы