Алматыда Go Viral фестивалінің салтанатты ашылуы өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
3 күнге созылатын іс-шара медиа, бизнес, мәдениет және технология бағытына арналған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Орталық Азияның бес елін қамтыған Go Viral фестивалінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

3 күнге созылатын іс-шара медиа, бизнес, мәдениет және технология бағыттарына арналған. Биылғы тақырыбы - «Іздеу. Ойлап табу. Шешу». Фестивальдің басты нышаны болған шапан көпшілік назарына ұсынылды. Тәжірибе алмасу алаңында қатысуға ниет білдірген жандар мен спикерлер бас қосты. Арнайы қонақ ретінде Aspira Consulting компаниясының негізін салушы Оскар Гарсия шақырылды.

«Мұнда келудегі басты мақсатым – кәсіпкерлермен, студенттермен, бизнеске қызығушылық танытқандармен тәжірибе алмасқым келді. Пандемиядан кейін барлығымыз жақындаса түстік. Сондықтан қазіргі мүмкіндіктерді бизнес үшін дұрыс пайдалануды үйренгісі келетіндерге ақыл-кеңесімді беруге дайынмын», – деді Aspira consulting компаниясының негізін салушы Оскар Гарсия

Go Viral фестивалі алғаш рет 2017 жылы ұйымдастырылған. Ол түрлі саладағы мамандарды технологиялар мен әлеуметтік желілер арқылы әлеммен байланыс орнатуға шабыттандырады», – деді АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж.

Новости партнеров