|
11.01.2024 | 18:38
14775

Базар мафиясы: ет өнімдері неге қымбат

Қазақстанда мал шаруашылығымен айналысатын адамдар азайып барады

Базар мафиясы: ет өнімдері неге қымбат Almaty.tv

«Қазақстанда отандық өнімнің қымбаттауына ортадағы делдалдар кінәлі». Бұл – мал шаруашылығымен айналысатын жандардың пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстанда мал шаруашылығымен айналысатын адамдар азайып бара жатыр. Қазақстан шаруалар қауымдастығы төрағасының орынбасары Ермек Әбуовтің айтуынша, сойып әкелген етті базар сыртында делдал күтіп алады. Базарларда осындай жүйе қалыптасты деген ол соңғы кездері мал өсіріп, оны көбейткісі келетіндердің саны күрт қысқарғанын жеткізді. Себебі өнімін ішке өзі апарса, саудагерлер қабылдамайтын көрінеді. Тек тексерілген делдалдадың қолындағы тауарға ғана қызығады.

– Мәселені Үкімет тарапынан, Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірігіп шешуі керек. Өнімді сауда нүктелеріне делдалсыз жеткізу жолдарын қарастыру керек, – деді ҚР Шаруалар қауымдастығы төрағасының орынбасары Ермек Әбуов.  

Ермек Әбуовтың сөзіне сенсек, егер жеткізу жүйесін бір қалыпқа келтірсе, өнім саудагерлерге өндірушіден тікелей жеткен өнімнің бағасы да арзан болады. Ал сауда министрі өнім өндіріп отырған әрбір кәсіпкердің тауарына қолдау білдіретінін айтты. Ведомство басшысы делдалдарға қатысты шағым түссе, тексеріске журналистерді алып баруға дайын екен.

– Егер заң немесе ережелер бұзылатын болса, егер өтініш жазылса, көмектесуге дайынбыз. Өндірушілерді қолдаймыз, – деді ҚР сауда министрі Арман Шаққалиев.

Сенат қабырғасында министр Қазақстанда «базар мафиясы» жоқ деп мәлімдеді. Арман Шаққалиев осындай топтар анықталса, құқық қорғау органдарымен  және Сауда министрлігінің тарапынан әрекет ететінін жеткізді. Сондықтан тауар жеткізушілерге алаңдамай жұмыс істеуге кеңес берді.

Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, Алматы телеарнасы Астана

Оқи отырыңыз: Кәсіпкерлікті тексеруге енгізілген мораторий мерзімі аяқталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир