Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Наурызды тойлады

17.04.2019 00:53

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебі әз-Наурызды ерекше атап өтті. Көктем бойы тойланатын Ұлыстың ұлы күнінде оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарын тәнті етті. Сондай-ақ, жиналған қауымға өздері жасаған қолөнерлер бұйымдарын тізіп, көрме өткізді.

Шара аясында думанды сахналық қойылым да көрсетілді. Сондай-ақ, мереке кезінде түскиіз тоқудан шеберлік сағаты ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Айта кетейік, шара Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.

«Наурызды жыл сайын атап өтеміз. Қалыптасқан дәстүр бойынша шараны әр жылы әр түрлі тақырыпты ұйымдастырамыз. Биылғы мерекені елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арнадық. Оқушылар өз күшімен осы тақырыпта қойылым қойды. Яғни, олар мақаланы қалай түсінгендерін жеткізуге тырысты. Бұл мейрам ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттайтын күн», - дейді Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Гүлмира МҮКЕЕВА.

Теги: НИШ