|
27.01.2021 | 18:40
2225

Журналист Гүлсім Оразалықызының шығармашылық кеші өтті

Қаламгер көбіне көркем шығармаларды, мемлекет қайраткерлері туралы кітаптар жазған

Журналист Гүлсім Оразалықызының шығармашылық кеші өтті


Алматыда белгілі журналист Гүлсім Оразалықызының шығармашылық кеші өтті. Қаламгер көбіне көркем шығармаларды, мемлекет қайраткерлері  туралы кітаптар жазған. Кеште ол өз туындылары мен еңбектерін халыққа ұсынды. Жазушының мерейтойына орай, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтау хатын да жолдаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тұлғаларды  жазуға себепкер болған мемлекет қайраткері, Қазақстан үкіметін 13 жыл басқарған Нұртас Оңдасынов деген азамат болған. Сол кісі маған себепкер болды. Ол кісі зейнетке шыққаннан кейін 5 томдық кітап жазған. Онысы - арабша, парсыша, қазақша түсіндірме сөздік Мәскеуде отырып жазған, тағы да көптеген естеліктер жазған. Солардың бәрін маған тапсырды», – деді журналист, жазушы Гүлсім Оразалықызы.

«Гүлсімнің осынша уақыттан бері сондай еңбек сіңіріп жүргеніне, жақсы кітаптарды дүниеге әкеп жүргеніне, бүгінгі оқырмандардың көңілінен шығатын дүниелерді жазып жатқанына біз қатты бек ризамыз», – деді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир