Елімізде мобильді аударымдарға қандай шектеу қойылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Ереже Жаңа жылдан бастап іске асады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде мобильді аударымдарға шектеу қойылады. Ереже Жаңа жылдан бастап іске асады. Енді ұялы телефон арқылы жиі ақша аударатын тұлғалар бақылауға алынып, тексеріледі. Пилоттық жоба қалай іске асырылады? Кімдерге жеңілдік қарастырылған? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау басқармасы басшысының орынбасары Ерқанат Шыңберген жауап береді.

– Ерқанат мырза, аударымдарға қойылатын шектеу кімдерге қатысты?

– 2024 жылдан бастап банктерден мобильді аударымдар жөнінде ақпарат қабылдана бастады. Бұл ақпарат қабылдау мақсатында белгілі бір өлшем шарт белгіленді. Осы шартқа сәйкес, егер азаматтарға 3 ай қатарынан 100-ден астам адамнан түсім түсетін болса, тиісті банктің ақпараттары біздің комитетке түседі.

– Кәсіпкерлік қызмет сипатындағы мобильді аударымдар қалай жүзеге асады? Бизнес өкілдеріне де осы тәртіп қолданыла ма?

– Ақпаратты қабылдау бірнеше кезеңмен түседі. Бірінші кезеңде мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, екінші кезеңде яғни, 2024 жылдан бастап мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен олардың жұбайлары бойынша, 2025 жылдан бастап бизнес субъектілері, жеке кәсіпкерлер заңды тұлғалардың құрылтайшылары және олардың басшылары, жұбайлары туралы ақпарат, 2026 жылдан бастап басқа да жалпы халық бойынша ақпарат түседі. Бүгінде тек мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары бойынша ақпарат түсті. Жалпы алғанда, ешқандай шектеу белгіленбеген. Әрбір адам күнделікті қолданатын мобильді аударымдарды қолдана алады. Алайда бұл мобильді аударымдар кәсіпкерлік қызметпен байланысты болса, сол кезде тиісті ақпарат түседі. Сол ақпарат бойынша тиісті шаралар жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдер арасында интеллектуалды ойын өтті

Новости партнеров