Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймай тұр – ІІМ

elements.envato.com
elements.envato.com

Жыл басталғалы 4 мыңнан астам отбасының шырқы бұзылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде отбасы жанжалы азаймай тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл басталғалы 4 мыңнан астам адам шаңырақ шырқын бұзып, тыныштығын кетіргені үшін қамауға алыныпты. Бұл туралы Ішкі Істер Министрлігі Әкімшілік полиция комитеті хабарлады.

Мәліметінше, биыл соңғы 3 айда жанұясында зәбір көрсеткен 17 жарым мың адамға әкімшілік хаттама толтырылған. Тағы 3 мыңға жуығына ескерту жасалса, ішімдікке тойып келіп, әйел-баласын таяқтың астына алған 543 азаматқа айыппұл салынған. Алайда құзырлы органдарға шағым түсіргендердің көбі істі заң жүзінде қараудан бас тартып жатады екен.

«2015-2016 жылдары түскен 100 мыңнан астам хабарлама бойынша кінәлілерге ешқандай жаза қолданылған жоқ. Заңнама өзгерді, бірақ біз басқа мәселеге тап болдық. Өйткені жәбірленушілер көбіне агрессорға қаржылық және психологиялық тұрғыдан тәуелді. Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әрбір шағым бойынша шаралар қабылдауда. Сонымен бірге, жәбірленушілердің 60%-ы полицияға арыз түсіруден бас тартады. Тиісінше, біз жаза қолданбаймыз», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров.

Новости партнеров