Рейдтік іс-шаралар 26 әмбебап базар және 3 600 дүкенді қамтиды
Алматы дүкендері мен базарларындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстеме бағасын көтергендерге тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды
Азық-түлік базарлары мен үй жанындағы дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) қоюға рұқсат етілген 15% саудалық үстеме бағаны сақтауларына қатысты тексеру жүргізіледі.
Комиссия құрамына Алматы прокуратурасының келісімі бойынша аудан әкімдіктерінің, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Сауда, Мемлекеттік кірістер, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері кіреді. Рейдтік іс-шаралар 26 әмбебап базар және Алматыдағы тұрғын үй ауласындағы 3 600 дүкенді қамтиды.
Тексеру барысында кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу бағасынан оларға қойылатын 15%-дан астам бағаны көтергені және рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын (олардың белгіленген бағасына қарай) көтергені үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес, шаралар қабылданатын болады. Мәселен, саудалық үстеме бағаны көтергені үшін кәсіпкерге бірінші жолы ескерту беріледі, бұзушылық қайталанған жағдайда, 10 АЕК-тен 300 АЕК дейінгі (30 630 теңгеден 918 900 теңгеге дейін) мөлшерде айыппұл салынады. Белгіленген шекті бағаны бірінші рет көтергені үшін 100 АЕК (306 300 теңге), бұзушылық қайталанған жағдайда, 200 АЕК мөлшерінде (612 600 теңге) айыппұл салынады.
Қолданыстағы сауда заңнамасын сақтау мақсатында кәсіпкерлерге баламалы нұсқа – ҚР ірі дистрибьюторлары мен өндірушілерінен тікелей көтерме баға бойынша бакалея өнімдерінің тікелей жеткізілімі ұсынылатын болады.
Аталған шара Алматыда жыл басынан бері қолданылуда: бүгінде 1 мыңнан астам «үй жанындағы» дүкендер қамтылды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 атауы бойынша шамамен 1,5 мың тонна өнім (жұмыртқа, қант, күріш, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, макарон, тұз) жеткізілді.
Алматы қаласында 2022 жылғы 31 мамырға дейін ұсынылған бағалар: