|
03.08.2022 | 18:43
128606

Елімізде кімдер азық-түлікті арнайы карта арқылы сатып ала алады

Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы 17,4% өскен

Елімізде кімдер азық-түлікті арнайы карта арқылы сатып ала алады Ашық дереккөз

Елордада халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік арнайы карта арқылы өткізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде «Магнум» ЖШС-мен бірлесе карта бойынша арзандатылған тауарды өткізудің қанатқақты жобасын пысықтап жатырмыз. Яғни оларда өздерінің картасы бар. Осы орайда халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімін енгізбекпіз. Бұл тұрғыда 160 мыңға тарта адам бар», - деді Е. Балтаев қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысында. 

Оның айтуынша, аталған карта арқылы азық-түлік өнімдерін осы санаттағы адамдар ғана алады. 

«Ал табысы жеткілікті деңгейдегі адамдар өнімді нарық бағасымен сатып алады. Атап айтқанда, қаралып отырған бұл қадамдар арзандатылған тауарды халықтың әлеуметтік осал топтарына өткізуге мүмкіндік береді», - деді басқарма басшысы. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл шілде айында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы 17,4%-ға көтерілгенін хабарлады. 

Пияз, қант, сәбіз, картоп, қарақұмық, макарон, ұн және қырыққабат бағалары ең көп өскен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир