Қазақстандағы зертхана көшбасшыларына арналған жаһандық бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда өткен жиынға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекетінен мамандар қатысып, өз ұсыныс-пікірін білдірді. Халықаралық деңгейде өткен конференцияға келген мамандар отандық зертхана басшыларымен тәжірибе алмасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта бұл бағдарлама Қазақстанның медицина ғылымының одан әрі дамуына септігін тигізбек. Ал ұсынылған мәселелер практикалық іс-тәжірибеде қолданысқа енеді деп жоспарланған.
«Іс-шара қоғамдық денсаулық сақтау саласында клиника диагностикалық зертханалардың жұмысын жақсартуға арналған. Сонымен қатар бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – аудиторияда денсаулық сақтау саласындағы және ветеринария саласындағы лаборотория басшылары немесе лидерлерін дайындау болып табылады», – деді «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева.