Алматыда жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті

пресс-служба акимата Алматы
пресс-служба акимата Алматы
Жиналысқа 5000-нан аса ата-ана қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс Алматы қаласы мектептерінің 1-11 сынып оқушыларының ата-анасына арналған. Жиналысқа  5000-нан аса ата-ана қатысты. Спикерлер «Балалардың жазғы демалысы - денсаулық пен алған әсердің кепілі» жазғы сауықтыру және еңбекпен қамту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ой қозғап, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселені көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Балалар жарақатының алдын алу бойынша Алматы қаласы прокурорының балалар құқығын қорғау жөніндегі көмекшісі Джанбекова Гүлнара Хамитқызы ата-аналарға балалардың терезеден жиі құлауы, су қоймаларында рұқсат жоқ жерде балалармен шомылуға бармауға, демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек екенін айтып кетті.

Алматы қаласы ДП ЖКП ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Мырзаханов Дәурен Базарханұлы балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балаларда Алматы қаласының көшелері мен жолдарында қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдылары туралы ережесімен таныстырып, қауіпсіз шаралармен таныстырды.

Алматы қаласы ЖПҚД ДП ювеналды полиция бөлімінің бастығы Шонжанова Жанна Тұрсынханқызы Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың көбейіп бара жатқанын, отбасында балаларға көбірек уақыт бөліп, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіріп кетті.

Алматы қаласы бойынша «Наркостоп» жобасының өкілі Нұрсейітова Жанара Бексұлтанқызы жастар арасында синтетикалық есірткіні тұтынудың қауіптілігін айтты.

«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Күнболатова Қуаныш Қуатқызы Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі бойынша ой қозғады.

Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының өкілі, Jet Sharing компаниясының директоры Рахимгалиев Талғат мектеп жасындағы балалардың электр самокаттардың пайдалануға тыйым салу туралы айтты.

Ата-аналарға балалардың кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтық шараларын айта отырып, мәселелерді айқындап, алдын алу жолдары мен таратпалар ұсынды. Сонымен қатар жасөспірімдер психологиясы, балаға тәрбие беруде төзімділікпен, сабырмен, сеніммен, сонымен қатар сүйіспеншілікпен  және дұрыс тәрбие берудің маңызы зор екені атап айтылды.

Ата-аналар жиналыс соңында спикерлерге өздерін мазалап жүрген  мәселелер бойынша сұрағын қойып, тиісті жауап алып, алдағы уақытта осындай жиналыстар көбірек өткізілсе деген ұсынысын айтып, алғысын білдірді.


Новости партнеров