|
25.04.2019 | 18:43
2598

«Ұяттары ояна бастады»: Алматы полициясы қалта ұрыларының азайғанын айтады

Автобустар мен көшелерге сұғанақтардың суреттері ілінуде

«Ұяттары ояна бастады»: Алматы полициясы қалта ұрыларының азайғанын айтады

Жыл басынан бері Алматыда 200 жуық қалта ұрысы ұсталыпты. Оңай олжаға кенеліп, өзгенің дүниесіне көз тіккендер көбіне адам көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте таңертеңгі және кешкі уақытта әрекет етеді.

Оларға қарсы күрес жүргізу үшін тәртіп сақшылары кәсібилік танытып, нағыз психолог ретінде жұмыс істейді. Сұғанақтардың суреті бейнеленген плакаттар автобустарға жапсырылып, полиция департаменті бұқара арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Полицейлердің айтуынша ұрылардың таныстары мен жақындары алдында ұяты оянып, өзгенің қалтасына түсуді қоя бастаған.

«Жылдың басынан бері 194 қалта ұрылары қолға түсіп, олардың бет-әлпеттерін арнайы альбомдарға салып біз жария еттік. Бұдан бұрын да шамамен 5-10 адамды жария еткен болатынбыз. Оның тиімділігін бүгін көріп отырмыз. Өйткені, кейбір қалта ұрылары осындай қылмыстық әрекеттерден бас тартып, қазір ұрлықпен айналыспайды», - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир