«Бойына жын кірген» сарбазды сабырға шақырғандар арасында Құран
аяттарынан үзінді оқығандар да болды. Бұған мұсылмандар қауымдастығының
өкілдері не дейді? Бұл сұраққа
жауап алу үшін Almaty.tv студиясына Алматыдағы Таугүл мешітінің
бас имамы Ернар Мәжен мырзаны шақырған едік.