«Жын кірген» сарбаз Алматыдағы госпитальге жатқызылды

Видеодан кадр
Видеодан кадр
Үшаралда әскери борышын өтеп жатқан сарбаздың видеосы әлеуметтік желілерге тарап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жын кірген сарбаз» деген тақырыппен желіге тарап кеткен видеоға қатысты жұрт түрлі қорқынышты пікір айтуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бірі жас сарбазға қысым көрсеткендіктен өзін солай ұстап жатыр десе, енді бірі расымен жас жігітке жын кірген деп болжап отыр. Өйткені видео барысында өзін біртүрлі ұстаған сарбазды қасындағылар Құран аяттарын оқып тыныштандырғанын көруге болады.

Өз кезегінде, психолог мамандар мұндай жағдай күйзелістен де болуы мүмкін деп болжап отыр.  

Жанұшыра айқайлап, «жібер де, жіберге» салып жатқан сарбазды Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті 2021 жылғы 25 қыркүйекте мерзімді әскери қызметке шақырған екен. Сондай-ақ Қызылорда облысының әскерге шақыру комиссиясы оны әскери қызметке жарамды деп танып, қабылдаған.  

Алайда 29 қыркүйекте аяқасты құрысу ұстамасының белгілерімен Үшарал қаласының орталық ауруханасына жеткізіліпті.

«30 қыркүйектен бастап оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы госпиталінде тексеріп жатыр», – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.  

Новости партнеров