Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметті қолдауға шақырамын – Н. Назарбаев

20.03.2020 в 23:44

Әлемді жайлаған дерт біздің елді айналып өтпейтіні анық

Сурет akorda.kz сайтынан алынды

Елбасы Қазақстан халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұрсұлтан Назарбаев жұдырықтай жұмылған жұртымыз бұл қиындықты да еңсеріп, дамудың жаңа жолына түсетініне сенім білдірді. Әлемді жайлаған дерт біздің елді айналып өтпейтіні анық. Осындай ауыр кезеңде мен барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырамын, деді Тұңғыш Президент. Елбасы Үкімет коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдағанын айтты. Азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық мақсатқа арналған заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық жағдай жасалып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, отандық кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Жұмыс орындарын сақтауға барынша күш салынуда. Мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар  қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алынды, деді Нұрсұлтан Назарбаев өз Үндеуінде.