Oрнына кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз
Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өз қызметінен кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Десе де ол тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде қалады. Жандарбек Бекшин Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері болып 2019 жылдың маусымында тағайындалған болатын. Оның орнына кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз.