|
07.06.2024 | 19:24
1685

Мәулен Әшімбаевтың Алматыға сапары барысында қандай мәселелер талқыланды

Сенат төрағасы қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғам белсенділерімен, студенттермен кездесті

Мәулен Әшімбаевтың Алматыға сапары барысында қандай мәселелер талқыланды Almaty.tv

«Экономикада құрылымдық өзгерістерді дәйекті түрде жүргізу қажет». Осы бағытта бірлесіп, нәтижелі жұмыс жалғастыру керек деген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғам белсенділерімен, студенттермен кездесті, деп хабарлайды Alamty.tv.

Палата спикері Достық үйіндегі кездесуі барысында Мемлекет басшысы берген міндеттердің сапалы жүзеге асырылуын кешенді әрі жүйелі түрде қадағалауды тапсырды. Жиындағы басты тақырыптардың бірі – экономикадағы құрылымдық өзгерістердің тиімділігін арттыру мен отандық өндірушілерді қолдау.

– Кейінгі жылдарда елімізде үлкен өзгерістер болды. Сіздер де үлес қостыңыздар. Мемлекет басшысың бастамасымен кешенді реформалар іске асырылуда. Күшті Президент, ықпалды Парламамент, есеп беретін Үкімет формуласында елемізде билік тармақтарының арасындағы теңгерімділік күшейіп, саяси бәсекелестік артты. Осылайша, мемлекеттік институттар кешенді түрде жаңғыртылып, әлеуметтік экономикалық бағыттар жүйелі өзгерістерге жол ашты, – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Жиында қаланың әл-ауқатын арттыруға арналған бірқатар шаралар талқыланды. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық саланы ілгерлетіп, агроөнеркәсіптік кешенді дамытып, бизнес-ахуалды жетілдіруге жаңа серпін беру жайлы ұсыныстар айтылды.

– Қаламыздағы азаматтық қоғам институттары барлық деңгейдегі қабылданатын шешімге араласып, шаһарымыздың бүгіні мен ертеңіне алаңдаушылық танытып, оның дамуына тікелей үлес қосуда. Бүгін де Алматы қаласының мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес, ассамблея мүшелері қала әкімдігімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу ісіне және жеке инвесторларды тартуға белсене қатысып келеді, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев Алматы тауларындағы мореналық көлдердің жағдайымен танысты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир