Еліміздің Мемлекеттік туы көкке көтеріліп, әнұран шырқалды
Ливанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Уақытшы күштерінің қосалқы батальоны алаңда салтанатты сап түзеп, еліміздің Мемлекеттік туы көкке көтеріліп, әнұран шырқалды. Мереке құрметіне «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» қазақстандық медальдармен миссия басшысы - Біріккен Ұлттар Үйымының Уақытшы күштерінің, қолбасшысы генерал-майор Стефано Дель Кол мен батальон командирі полковник Нараян Сингх Бхати марапатталды.
Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта Ливанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі миссияны қазақстандық төртінші бітімгершілік ротасы орындап жатыр.