Елордада Рим Папасы діни жоралғы өткізеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Мессаға 3000 орын қарастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертең елімізге діндарлардың басым бөлігі Рим Папасы өткізетін діни жоралғыға қатысу үшін келеді. Мессаға 3000  орын қарастырылған. Оның басым бөлігі Орталық Азия өңірі мен өзге де таяу елдердің діндарларына арналған. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айбек Смадияровтың айтуынша, іс-шара өткізудегі мақсат – Қазақстанның әлемдік аренада бейбітшілік жолындағы диалогты нығайту ісіндегі маңызды рөлін айқындайды.  

«Елордаға Рим Папасы Францис келеді. Сапар аясында Понтификтің Мемлекет басшысымен кездесу, Қазақстан жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі, мессасы, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу жоспарланып отыр», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.



Новости партнеров