4 мыңға жуық адам бағдарлама талаптарына мүлдем сәйкес келмейді
«Алматы жастары» бағдарламасына тапсырған 9 мың 500-ден астам азаматтың өтініші қабылданбаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған басты себеп қатысушылар құжат жинау кезінде салғырттық танытып, қателескен дейді коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері. Олардың айтуынша, көпшілігі жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамада жалпы Қазақстанды емес, Алматыны көрсеткен. Ал 0 балмен жолдама алғандар өздеріне бәсекелес болмағандықтан өтіп кеткен дейді.
«4 мыңға жуық адам бағдарлама талаптарына мүлдем сәйкес келмейді. Оның ішінде 65 адам Қазақстан бойынша меншікті жылжымайтын мүлігі бар. 123 өтініште соңғы 5 жыл ішінде мүлкі болған, бірақ ол мүлікті иелігінен шығарған», – деді Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Әбдішүкірұлы.