|
17.09.2019 | 18:46
1357

Алматыға Біріккен Ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі келді

Елімізде жылына шамамен 3500, ал күн сайын 10 шақты адам жол апатынан көз жұмады екен

Алматыға Біріккен Ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі келді

Бүгін Алматыға іс сапармен келген Біріккен Ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тодт оқушылармен кездесті. Ол ашық сабақ өткізіп, жол-көлік оқиғасы кезінде барынша сақтық таныту керектігін айтып түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өз кезегінде, қалалық полиция департаменті де балаларды абай болуға шақырды. Себебі, соңғы 8 айда жеткіншектердің қатысуымен 681 жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 750-і зардап шегіпті. Бұл былтырмен салыстырғанда бір жарым есеге көп дейді тәртіп сақшылары. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында жол-көлік оқиғасынан 9 бала көз жұмған. Биыл сақтық шарасы ретінде 80 мектепте жол белгілері қайта жаңартылды.

«Жол қауіпсіздігіне байланысты біз сабақ өткіздік. Осы балаларға жеткіздік. Қалай жол ережесін сақтау керек. Алматы қаласы бойынша қандай статистика бар. Балаларға жеткіздік. Олар мына үйден шыққаннан бастап, осы жол қозғалысына қандай қатынасы бар екенін жеткіздік әр балаға. Қыркүйектің біріннен бастап, отызына дейін «Абайлаңыз балалар!» деген акция өткізіп жатырмыз», – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос МҰРАТӘЛИЕВ.

Өз кезегінде, Біріккен Ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі қарапайым ережелерге мән беру керек дейді. Олар: қауіпсіздік белдігін тағу, рөлге ішімдік ішкен жағдайда отырмау және жылдамдықты шектен тыс асырмау. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 18 миллион тұрғыны бар елімізде жылына жол апатынан шамамен 3500 адам көз жұмады екен. Бұл Қазақстанда күн сайын 10 адам бақилық болады деген сөз.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша, жылына әлемде 1 миллион 350 мың адам қайтыс болады екен. 30 бен 50 миллион аралығында адам жарақат алады. Әсіресе 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында өлім көрсеткіші жоғары. Бізге оңай көрінген қарапайым ережелерге мән бермейміз. Егерде сол қағидаларды сақтасақ, онда жантүршігерлік статистикадағы сандарды екі есе азайтуға мүмкіндік бар», – деді Бірікккен ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан ТОДТ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир