Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шетелден келген үш қонақты қабылдады. Оның бірі – Жапониядағы «Challenge Со» компаниясының бас директоры Казуо Сасаки. Екі тарап алып мегаполистегі жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын жүйені құру және әріптестік туралы әңгімелесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ол басқаратын компания осыған дейін Индонезиядағы Ява аралығында тәжірибе ретінде осындай жүйе орнатқан. Сондай-ақ, Румыниядағы 3 мектепте дабыл қағатын құрылғы қойыпты. Ізін ала қала басшысы Біріккен Ұлттар ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тодт пен еліміздегі Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісін, Өзбекстанның Алматыдағы бас консулымен кездесті. Биыл екі ел арасындағы тауар айналымы 74 пайызға артып, 293 миллион АҚШ долларын құрады. Қазіргі таңда қалада 265 бірлескен және 749 өзбекстандық кәсіпорын жұмыс істейді.