|
19.06.2023 | 19:01
2238

Астана шетінде ағаш өртеніп, қаланы түтін басты

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға далаға шықпауға кеңес берді

Астана шетінде ағаш өртеніп, қаланы түтін басты Tengrinews.kz

Бүгін Астананың маңында тұтанған өрттің түтіні бүкіл қалаға тарап жатыр. Елорданың іргесінде 15 гектар қураған ағаш жанған. Төтеншеліктер таңнан бері қызыл жалынмен күресіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Тілсіз жаумен 158 маман және 40-қа жуық техника күресіп жатыр. Сонымен қатар 2 тікұшақ жұмылдырылды. Алғашында сары түтін Астананың аспанын жаулап, кейін көк түтінге айналып, төмен түсті.  

Сағат 16:00 шамасында жарты сағатқа жуық қалада ыстың иісі мүңкіп тұрған. Тіпті Бәйтерек монументі мен Ақорда көрінбей қалған. 30-40 минуттан кейін жел түтінді ұшырып әкетті. Алайда ыстың иісі әлі бар. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға далаға шықпауға, шыққан күннің өзінде маска тағуға кеңес берді. Үйлердің терезесін жауып тастау керек деп хабар таратты. Төтенше жағдай департаменті зардап шеккендер туралы мәлімет берген жоқ.

Айта кетейік, оқиға орнына жаңадан тағайындалған Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпхановтың өзі барды. Мамандар отты әлі өшіріп жатыр.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир