Жыл таңдауы: «Вечерний Алматы» газеті «Қоғамдық мойындау» сыйлығын иеленді

Кайрата КОНУСПАЕВА
Кайрата КОНУСПАЕВА
Бұл шараның өткізіліп келе жатқанына 22 жыл толды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл сайынғы жеңімпаздарды марапаттау және «Жыл адамы» жобасының бас жүлделері – «Алтын адам» мүсіншелерін, «Қоғамдық мойындау» және «Жылдың №1 таңдауы» құрметті медальдарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздегі ең көрнекті тұлғалар мен үздік ұйымдарды дәріптейтін бұл салтанатты шара 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Еңбегі, адалдығы, батылдығы мен таланты оларды республиканың шынайы мұрасына айналдырған қазақстандықтар өз марапаттарын алды.

«Вечерний Алматы» газеті «қоғам мойындаған» арнайы сыйлыққа ие болды. Қазылар алқасының пікірінше, аталған марапаттың осы ұжымға бұйырғаны заңдылық. Өйткені «Вечорка» алматылықтар үшін сүйікті басылымның бірі болып табылады.

«Вечорка марапаттарының қатарына біздің еңбегімізді жұртшылықтың мойындауы және маңызды сыйлықты қосу біз үшін үлкен мәртебе. Айтпақшы, «Вечерний Алматы» – оқырмандарымен күнделікті қарым-қатынас негізінде публицистикалық материалдар дайындайтын санаулы басылымдардың бірі. Біз көптеген алматылықтармен тұрақты қатынастамыз. Қазір сәнге айналғандай, «тиімді кері байланыс» жасап келеміз. Сондықтан журналистік еңбектің қоғам тарапынан мойындалуы әрқайсымыз үшін үлкен марапат», - дейді «Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы Евгений Грунберг.

«Алматы» телеарнасы «Вечерний Алматы» газетінің ұжымын марапаттарымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.


Новости партнеров