Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шаралары басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мегаполис республика бойынша сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы ЖОО мен мектептерде сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шаралары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері апат кезінде не істеу керегін және қай жерге бой тасалауға болатынын түсіндірді. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенттері жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құтқарушылармен бірге жасап көрді.

«Біз қауіпсіздіктің алдын-алу іс-шарасын әр тоқсан сайын ұйымдастырамыз. Ең алдымен мектеп, колледж, жоғары оқу орны мен аурухана секілді әлеуметтік орындарға басымдық береміз. Себебі, мұндай қоғамдық жерлерде адам саны көп жиналады. Содан кейін жеке тұрғын үйде, көпқабатты ғимаратта тұратын көпшілікке түсіндіру жұмысы жүргізіледі», – деді Бостандық ауданы ТЖБ бас маманы Сұлтан Құдайбердиев.

Айта кетейік, мегаполис республика бойынша сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Алайда, өткен апатада шаһар жұртшылығымен кездескен қала әкімі Ерболат Досаев «Алматыдағы үйлер мен ғимараттар сейсмикалық талапқа сай» деп атап өтті.  Ал биыл қаланың Бас жоспарына сәйкес, көпқабатты үйлердің іргетасына сейсмоаудит жасалмақ.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академия колледжі Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ерболат Дәулетбай

«Алматы таулы аймақта орналасқан. Бұл бәрімізге белгілі. Сол себепті мұндай қауіпсіздіктің алдын-алуға арналған іс-шараларды тұрақты өткізу аса маңызды», – деді Қазақ бас сәулет-құрылыс академия колледжі Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ерболат Дәулетбай.

Новости партнеров