Ата заңға 25 жыл: Алматының Алмалы ауданында 25 түп алма ағашы отырғызылды

egemen.kz
egemen.kz
Акция кезінде барлық сақтық шаралары сақталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ата заңымыздың 25 жылдық мерейтойына орай, Алматының Алмалы ауданында 25 түп алма ағашы отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жасыл Алматы» жобасы аясында қолға алынған шаруа кәсіпкер, меценат Аладин Мұстафаев есімді азаматтың қолдауымен іске асты. Экология мамамандарымен келісіле егілген көшеттерді алдағы уақытта еріктілер тобы өздері бақылап отырмақ. Ата Заңды білуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, туған жерді, табиғатты аялауға шақыру  – іс-шараның мақсаты. Акция кезінде барлық сақтық шаралары сақталды.

«Мұның барлығы мамандармен келісімен жүзеге асуда. Арақашықтығы қанша болу керек, тереңдігі қандай болу керек дегендей. Оны біздің еріктілер үнемі келіп, қарап, қадағалап, күтіп отыратын болады. Бұл тек қана Конституцияның 25 жылдығына арналып отырған жоқ, экологиялық мәдениетімізді көтеру, экологиялық проблемаларды – табиғатты сақтау, жастардың арасында насихатталуы негізгі мақсаттардың бірі», – деді қалалық Жас Отан  жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.

Новости партнеров