Тұрғын үй, жаңа мектеп, кәсіпорын: Алатау ауданының әкімі биылғы жоспарымен таныстырды

Биыл Алматының Алатау ауданында жалпы көлемі 60 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматының Алатау ауданында жалпы көлемі 60 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сондай-ақ, Алғабас шағынауданында 600 орындық мектеп ашылады. Оған қоса, тағы 3 мектептің сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Ал 2019 жылы Индустриалды аймақта 8 өндірістік кәсіпорын ашу жоспарланған.  Жалпы, 490 гектарды құрайтын аумақта барлығы 40 жоба мақұлданыпты.

«40 жобаның бүгінгі күні 5-уі іске қосылды. Жалпы, инвестиция көлемі 17 млрд 860 млн теңгені құрады. Олар: көкөніс өсіруге арналған жылыжай кешені, кеңсе техникаларына арналған картридж шығару. 2019 жылы 2 сауда орталығы, 1 супермаркеттің ашылуы жоспарлануда. Олар: «Алатау-3», «Алатау-4» сауда орталықтары және «Cаялы» ықшамауданында «Аржан супермаркеті», – деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Шахмерден РЫСБАЕВ.

Айта кетейік, биыл 5 шағынауданда жалпы ұзындығы 107 шақырымды құрайтын жол жөнделеді. 70 шақты аялдама орнатылады. Сонымен қатар, 23 миллион теңгеге 18 жүргіншілер көпірін күрделі жөндеуден өткізу үшін құжат жасауға тапсырыс берілді.

Новости партнеров