|
28.12.2019 | 18:51
6359

Ұшақ апаты: Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Қайғылы оқиға тек алматылықтарды ғана емес, барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды

Ұшақ апаты: Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін Bek Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Ұшақ апатынан 12 адам қаза тауып, 50-ден астам адам Алматы қалалық және облыстық ауруханасына жатқызылды. Олардың ішінді балалар да бар.

Қайғылы оқиға тек алматылықтарды ғана емес, барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Бұл оқиға шет мелекеттерді бей-жай қалдырмады. Сонымен қатар, шет елдердің Мемлекет басшыларымен қатар қарапайым азаматтары да қазаға байланысты көңіл айту хаттарын жолдауда.  

Апат болған күні Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Bak Air авиакомпаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының апатқа ұшыраған жеріне барып, іздеу-құтқару жұмыстарының барысымен танысты.

Сонымен қатар, №4 қалалық клиникалық ауруханаға түскен науқастардың жағдайын сұрап, BSMP және қаладағы балалар шұғыл көмек орталығында да болды. 

Бүгін Алматы әкімі ұшақ апатында зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғыс білдірді.


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында орын алған әуе апатына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Осыған байланысты бүгін Алматыдан бастап, еліміздегі барлық әкімшілік ғимараттарында мемлекеттік ту төмен түсіріліп, қаладағы барлық мерекелік безендіру мен иллюминациялар өшірілді. Мектептер мен балабақшаларда жоспарланған барлық мерекелік шаралар кейінге шегеріліп, телеарналардағы ойын-сауық бағдарламалары да бір күнге тоқтатылды. Сайттар қара түске боялды.

Аза тұту күнінде «Алматы» телеарнасы да ойын-сауық бағдарламаларынан бас тартты. Сонымен қатар, ұшақ апатына байланысты 16 арнайы жаңалықтар шығарылды.

Алматылықтар зардап шеккендерге қол ұшын соза білді. Олар қала ауруханаларына барып, өз еріктерімен қан тапсырды.

Қала тұрғындары әуежайға барып шамдар мен гүл шоқтарын қойып, әлеуметтік желіде қаза болғандардың туған-туыстарына қайғыра көңл айтты.  

Сондай-ақ, бүгін Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, қала тұрғындары, ұстаздар қауымы, ел спортшылары, актерлер елімізде орын алған қайғылы жағдайға байланысты 28 Панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға жиналып, әуе апатынан қаза болғандардың рухына тағзым етті. Оларға құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.

Қала әкімдігі еріктілердің жұмысын күшейтті - бұлардың ішінде кәсіпкерлер мен қарапайым адамдар да бар. Олар аурханада жатқан науқастардың туған-туысқандарына тағам және сусындар әкеп таратты. Сонымен қатар, психологтар да зардап шекендердің жақындарына тегін көмек көрсетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир