Суық су жаңа су құбырын іске қосуға байланысты өшіріледі
Алматының бірқатар шағынауданында суық су бірнеше сағатқа өшіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
26 қазанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін Жетісу ауданында, Ангарская (Серіков көшесіне дейін), Ратушный, Обская, Февральская, Қазыбаев көшелерінде (Серіков, Шілдехан көшелері), Алатау ауданында, Қарасу, Өжет шағынауданында, Жетісу ауданындағы Көкмайса шағынауданында, Үлкен Алматы каналы мен Боралдай көшесіне дейінгі аралықтағы Солтүстік айналым көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.
Суық су жаңа су құбырын іске қосуға байланысты өшіріледі.
«Алматы Су» МКК түсіністікпен қарауды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Астанада тұрғын үйлерге жылу уақытында берілмеуі мүмкін