Алматыда Азаматтық қорғаныс күні аталып өтті

Алматыда Азаматтық қорғаныс күні аталып өтті
Шараға 2000-нан астам оқушы мен колледж түлегі қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен жылды қорытындылаған қалалық төтенше жағдайлар департаменті 2000-нан астам оқушы мен колледж түлегін қауіпсіздік ережелерімен, заманауи техникалармен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының құтқарушылары азаматтық қорғаныс күні аясында авариялық-құтқару техникалары, өрт-техникалық құрылғылары мен өрт сөндіру жабдықтарын көрсетті. Еріктілер тобы алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сағатын өткізді. Оқушылар арнайы тренажер-симулятордағы жер сілкінісі кезінде нақты итермелеуді сезініп, құтқарушылардың ең жоғары өрт көтергішімен 90 метрге дейін биіктікке көтерілді.

«Бұл іс-шараны біз жылдан-жылға өткізіп жатырмыз. Соның ішінде оқушылар, Алматының тұрғындары да осы жерге келіп, бәрін өз көздерімен көріп, төтенше жағдай болған кезде, өздері не істеу керек екенін де осы жерде үйреніп кетсе де болады», – деді  қалалық Төтенше жағдайлар департаменті құтқару қызметі директорының орынбасары Ержан ҚАҢЛЫБАЕВ.

«Алматы қаласының құтқару техникаларын, өртке қарсы техникалар және медициналық техникаларды балаларға көрсетіп, шеберлік сағатын өткізіп жатыр. Тұншыққан кезде, суға батқан кезде, улы газ жұтқан кезде қандай іс-әрекеттер жасау керек, соның бәрін балаларға көрсетті», – деді  қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау басқармасының аға офицері Бекболат БҰҒАБАЕВ.

Новости партнеров